Өзбекстанда 27 қазанда Парламент сайлауы өтеді

27 қазан, жексенбіде Өзбекстанда Парламент және аймақтық депутаттарды сайлау өтеді, деп хабарлайды alnews.

"Сайлауда Заң шығару палатасының 150 депутаты, Сенаттың 56 мүшесі, Қарақалпақстанның Жоғарғы Кеңесінің 65 депутаты, сондай-ақ облыстық, Ташкент және 208 аудандық (қалалық) кеңестердің депутаттары сайланады. Осылайша, сайлау процесіне 30 мыңға жуық кандидат пен олардың 90 мыңға жуық сенімді тұлғалары, сондай-ақ сайлау комиссияларының 120 мыңнан астам мүшесі ұйымдастырушы ретінде және 70 мыңнан астам жергілікті және шетелдік (халықаралық) бақылаушылар қатысады деп күтілуде", - деп хабарлады ОСК.

Айта кетейік, Сайлау алғаш рет мажоритарлы-пропорционалдық жүйе негізінде өтеді.  Парламенттің төменгі палатасының 75 депутаты мажоритарлық жүйе бойынша, қалған 75 - пропорционалды жүйе бойынша сайланады.

Наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев депутаттармен кездесуде саяси партиялардың рөлін арттыру үшін аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынды. 

Previous
С. Нұрбек: "Елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылған"
Next
АҚШ, Филиппин, Канада және Австралия бірінші рет Оңтүстік-Қытай теңізінде әскери оқу-жаттыру өткізуде

Latest news:

Search