Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге аттанбақ

1 шілдеден бастап Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге аттанбақ, - деп хабарлайды alnews, өкілді органның сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында белгілі болды. Жиын 24 маусымда өтті. 

Мәжіліс Бюросы саяси шешім қабылданатын негізгі орган. Оған Мәжіліс спикерімен қоса алғанда 15 депутат мүше. Спикердің 2 орынбасары, 7 комитеттің төрағасы, комитеттердің мүшелері ретінде фракциялардың кейбір басшылары бюро құрамына кіреді. 

Previous
Шығыс Азияда шиеленіс күшеюі мүмкін
Next
Мемқызметшілердің жалақысын арттыруды қолдайсыз ба?

Latest news:

Search