Шавкат Мирзиеев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Ресейдің Президенті осыған дейін, 18 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескен еді, - деп хабарлайды alnews. 

Өзбекстан Республикасы Президентінің ресми сайтының таратқан ақпаратына сүйенсек, Шавкат Мирзиеев пен Владимир Путин 21 мамырда телефон арқылы сөйлескен. Тараптар әсіресе сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаға аса мән берген. 

"Тауар айналымының көлемін арттыру, жетекші кәсіпорындардың кооперация жобаларын іске асыру және мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламаларын, оның ішінде өңіраралық байланыстарды жандандыру жолымен ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды", - деп хабарлаған Өзбекстан тарапы.

Сонымен қатар, екі ел басшылары өзбек-ресей көпжоспарлы ынтымақтастығын одан әрі кеңейту, жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарым-қатынастарын нығайту мәселелерін талқылады. 

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растаған болатын. 

上一个
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
下一个
ЕО шенеунігі: Грузия одаққа кіруге "үміткер" мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін

最新文章:

搜索