Президент Қытай Сыртқы істер министрін қабылдады

СІМ жетекшілері ортасындағы келіссөзде қазақ-қытай ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдарды, қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылаған. 

Бұдан кейін Қытай СІМ жетекшісі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Президент екі ел қарым-қатынасының болашағына зор сенім білдірді.

Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі және солай болып қала береді. Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Шын мәнінде, екі ел арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықтың болашағы зор, – деді Президент.

Ван Имен қатар елімізге Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровта келді. Жақында ғана Ресей президенті Владимир Путин Қытайға мемлекеттік сапармен барып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу өткізген болатын. Тараптар ортақ мәлімдеме жасап, екі ел байланыстарының жаңа деңдейде дами түсетінін аңғартқан.

 

上一个
Қытай мен Ресей АҚШ-ты ортақ айыптады: Шиеленіс жалғаса бермек
下一个
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

最新文章:

搜索