Орта Азия өрісі, Кэмеронның келісі

 

Дипломатиялық іс-қимылдың мәнінен мыналарды аңғара аламыз:

  • Британияның ОА аймағына қаратқан сыртқы саясаты жаңарды;
  • ОА аймағында тағы бір мүдделі тараптың белсенділігі оянды. Мәскеу, Бейжің, Вашингтон, Брюссель, Париж бен Берлин сынды күш орталықтарына Лондон да қосылып отыр;
  • Ағылшындар әлемдегі өзге бәсекелес тараптармен қатар аймақтағы мүддесін алға жылжытқысы келеді;
  • Британия Ресейге салынған санкцияға бастамашы және тұрақты қолдаушы тарап. Сондықтан, ең кемінде ОА Ресейдің санкциядан айналып өтетін жолы болып кетуінің алдын алғысы келеді;
  • Ағылшын елі де өзге бәсекелес тараптарға ұқсас аймақтағы табиғи ресурстарын, әсіресе болашақтағы жаңа энергия көздеріне айналуы мүмкін сирек элементтерден өз үлесін қамтығысы келеді;
  • Кезекті дипломатиялық сапарда көбінше мәдени-гуманитарлық бағыттарда ынтымақтастық, сауда-бизнесті қолдау бағытын басты назарға ұстайды; қатарында аймақтағы ағылшын тілін дамыту бағдарламаларын қаржыландыру секілді ұсыныстары да болуы мүмкін.

Жалпы жағдай:

  • Сырт күштердің белсенді бола түсуі аймақтағы геосаяси ойындардың жиілігін арттырады;
  • Сырт күштердің ОА-дағы қадамның жиілеуі Ресейдің аймақтағы мүддесіне белгілі қауіптер төндіреді; Бұл жағдай өз кезегінде ОА және Ресей арасындағы қарым-қатынастарға жаңа сын-қатерлер алып келеді;
  • Аймақ елдері көптарапты сыртқы саясатты сақтау мен дамытуда барған сайын қиын сынақтарға тап келеді;

ALNEWS

上一个
Алматыда Сиан Синхай көшесі бар екенін білесіз бе?
下一个
ИЗРАИЛЬ-ИРАН: Дағдарыс қалай дамуы мүмкін?

最新文章:

搜索