Олжас Сүлейменов Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына ұсынылмақ. 


Бұл туралы “ Байтақ” жасылдар партиясының Алматы қаласында өткен V партиялық конференциясында айтылды.
“Семей ядролық полигонын – әлемдегі ең қауіпті сынақ аймақтарының бірін – жабуға бастамашы болып, бұл іске шешуші ықпал еткен тұлға дәл осы Олжас Сүлейменов еді. Оның бастамасы мен Қазақстан жүргізген халықаралық қозғалыстың нәтижесінде әлемнің әртүрлі елдеріндегі тағы төрт ірі ядролық полигон, оның ішінде АҚШ-тағы Невада полигоны жабылды.”- деді, «БАЙТАҚ» жасылдар партиясының төрағасы
Азаматхан Амиртаев

Сондай- ақ, шара барысында Алматыда ауаның ластануын азайтуға бағытталған тың жоба  таныстырылды.
Бастаманы «Байтақ» партиясының Алматы филиалына  жаңадан сайланған төрайымы Алма Қараш ұсынды. Жоспарда жаңа технологиялық шешімдер, нақты мониторинг деректері және алдағы 5 жылға арналған қадамдар қамтылған.

Жобаның негізгі бөлігі – қалаға 1500 ауа тазартқыш мұнара орнату.
Әр мұнараның құны шамамен 100 мың АҚШ доллары, ал инвесторлар бұл жобаны бір жылда толық қаржыландыруға дайын. Мұндай шешім Бейжің қаласындағы смогпен күрес тәжірибесіне ұқсас.
Мамандардың айтуынша, бұл ұсыныс Алматыдағы ауа ластануын  бір жылда 70%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, дәл бүгін «Ұлы даланың – жасыл елшісі» жобасы да өз мәресіне жетті. Велошабандоз Сапар Аманжолұлы бірнеше ай бойы елімізді жүріп өтіп, 12 000 км қашықтықты еңсерді. Жоба барысында елдегі экологиялық проблемалардың толық тізімін жасап шыққан. 
Конференцияда “ Арал” жобасын қабылдау туралы да ұсыныс айтылды.

上一个
Как действовать при ЧС: алматинских студентов обучают сейсмобезопасности

最新文章:

搜索