Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады, - деп хабарлайды alnews Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндалды.

Президентке облыстағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берілді.

Кездесуде экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық ахуалды оңалту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Мемлекет басшысы Атырау өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

上一个
В Алматы заменят более сотни лифтов в этом году
下一个
Глава государства принял акима Атырауской области Болата Акчулакова

最新文章:

搜索