Алматыда тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде?

Алматыда жыл басынан бері 2 726 кезекте тұрған азамат коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлады.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тұрғын үй кезегінде 43 448 адам тұр. Олардың ішінде: 2 330 – жетім балалар, 7 546 – көпбалалы отбасылар, 18 468 – халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) және 15 104 – бюджеттік ұйым қызметкерлері.

Биыл 8 айда 2 726 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: 1 080 – кезекте тұрғандарға арналған коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы тұрғын үй, 1 348 – жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй, 226 – 2% және 5% жеңілдетілген несие бағдарламалары арқылы тұрғын үй алғандар, 72 – «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша қамтылып отыр. Сонымен қатар, 169,3 млн теңгеге 148 тұрғын үй сертификаты берілді.

上一个
Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне грант жарияланды
下一个
Алматыда 1967 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды

最新文章:

搜索