Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды

Алматы қаласында әлеуметтік осал санаттағы жасөспірімдер мен жастарды қолдауға және әлеуметтендіруге бағытталған «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды, - деп хабарлайды alnews.

Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Аталған бастама ата-анасының қамқорлығысыз қалған және өмірлік қиын жағдайға тап болған жастардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға, олардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға бағытталған. Жоба аясында қатысушылар сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан өтеді. Олардың қатарында бариста, аспаз, шаштараз, мобилограф сияқты бағыттар бар.

Өткен жылы жобаны іске асыру нәтижесінде 120-дан астам жасөспірім оқытудан өтті. Олардың басым бөлігі курстарды сәтті аяқтап, жұмысқа орналасу кезеңіне өтті. Бұл жоба қатысушылардың әлеуметтік бейімделуіне, кәсіби және тұлғалық дағдыларын дамытуға оң әсерін көрсетті.

Биыл «Әлеуметтік шеберхана» жобасы өз жұмысын жалғастырып, оқыту бағыттарын кеңейтуді және қатысушылар санын арттыруды көздейді. Жоба аясында тек оқыту ғана емес, сонымен қатар қатысушыларды жұмысқа орналастыру кезеңінде сүйемелдеу, ЖОО-на және ОББМ-не оқуға түсуге қолдау көрсету, тәлімгерлер мен жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл қарастырылған.

Жоба Алматы қаласының жастар саясатын дамыту аясындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады және жастардың барлық санаттары үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.

上一个
Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды
下一个
В Алматы стартовал проект «Социальная мастерская»

最新文章:

搜索