Almaty Marathon-да экологиялық аймақ жұмыс істейді

27 қыркүйекте Almaty Marathon жарысының мәре аймағында қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және ресурстарды жауапкершілікпен пайдалану мәселелеріне арналған Eco Network экологиялық аймағы жұмыс істейді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

Таңертеңнен сағат 14:00-ге дейін марафонға қатысушылар мен қонақтар экологиялық аймаққа келіп, Алматыдағы қалдықтарды бөлек жинау тәртібі туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ қайта өңдеуге қайталама шикізаттың қандай түрлері қабылданатынын біле алады.

Іс-шара аясындағы белсенділіктердің бірі пластик қақпақтарды қайта өңдеу үдерісін көрсету. Келушілерге пайдаланылған пластиктің жиналып, сұрыпталғаннан бастап қайта өңделіп, жаңа бұйымдар өндірісінде қолданылғанға дейінгі жолы таныстырылады.

Экологиялық бастамалар марафон трассасында да жүзеге асырылады. Су тарату бекеттерінде еріктілер пайдаланылған пластик бөтелкелер мен стақандарды жинайды. Марафон аяқталғаннан кейін жиналған материалдар сұрыпталып, өлшеніп, әрі қарай қайта өңдеуге жіберіледі.

Балалар үшін де арнайы бағдарлама қарастырылған. Экологиялық аймақта эко-кеңесшілер жұмыс істеп, экология, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу тақырыптарына арналған байқаулар мен викториналар өткізеді.

上一个
В Алматы 27 сентября изменят схемы движения некоторых маршрутов из-за марафона
下一个
На Almaty Marathon будет работать экологическая зона

最新文章:

搜索