Алматы кітапханаларына жарты жылда 700 мыңнан астам келуші тіркелді

2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Алматы кітапханаларына келушілер саны 700 мыңнан асты. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.
 
Бүгінде кітапхана жүйесіне 30 филиал кіреді. Кітап қоры 1,37 миллионнан астам дана, ал оқырмандар саны 341 мыңнан асады.
 
Биыл Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды. Оның көмегімен электрондық оқырман билетін рәсімдеуге, цифрлық каталогты пайдалануға және кітаптарды жеткізу қызметіне тапсырыс беруге болады. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бұл қызмет тегін көрсетіледі.
 
Сонымен қатар кітапхана қорын цифрландыру жалғасып келеді. Бүгінге дейін цифрланған материалдар саны 39 мыңға жуықтады.

上一个
Президент направил поздравительную телеграмму Королю бельгийцев Филиппу по случаю Национального дня
下一个
Более 700 тыс. посещений зафиксировали библиотеки Алматы за полгода

最新文章:

搜索