Алматының Медеу ауданында 24 үйдің қасбеті жаңартылды

Биыл үйлердің қасбетін қайта жаңғырту және жаңарту бағдарламасы аясында 54 үйде жұмыс жүргізу жоспарланған. Бүгінде соның 24-інде жұмыс толық аяқталды, - деп хабарлайды alnews.

Жаңартылған нысандардың қатарында Сәтбаев көшесі, 6 мекенжайындағы тұрғын үй де бар.

Жұмыс барысында үйдің қасбеті сыланып, сырланды. Сонымен қатар әктас (Limestone) пен граниттен сәндік әрлеу жұмыстары жүргізілді.

Ғимараттың сәулеттік ерекшелігін айқындап, кешкі уақытта оған заманауи әрі көрікті келбет беру үшін жарықтандыруға да ерекше көңіл бөлінді.

Бұл жұмыстар үйлердің сәулеттік келбетін жақсартуға, көшелердің көркін арттыруға және қала тұрғындары үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Önceki
Алматинка Марал Толепберген завоевала бронзу юношеских Олимпийских игр

Son Haberler:

Arama