Алматылық спортшылар Азия ойындарында алғашқы жүлделерін жеңіп алды

Алматылық спортшылар Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алғашқы жүлделерін иеленді, - деп хабарлайды alnews.

Қазақстан құрамасының қоржынына қазіргі бессайыс пен каратэ өкілдері қола медаль салды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

Қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы командалық есепте Темірлан Әбдірайымов, Тихон Варехин және Лев Чувашов қола жүлдегер атанды. Бұл Қазақстанның Азия ойындарында қазіргі бессайыстан соңғы 16 жылда алған алғашқы медалі.

Тағы бір қола жүлдені алматылық Бэлла Самашева жеңіп алды. Каратэден 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол үздік үштіктің қатарына енді. Бэлла үшін бұл спорттық мансабындағы алғашқы Азия ойындары.

Осылайша, Азия ойындарының алғашқы күндерінен-ақ алматылық спортшылар ұлттық құраманың жүлде қоржынын толықтыра бастады.

XX жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр. Алда Қазақстан атынан спорттың түрлі түрлерінен сынға түсетін көптеген алматылық спортшының жарыстары бар. Бәсеке 4 қазанға дейін жалғасады.

Önceki
Более 1 млн жителей и гостей Алматы посетили мероприятия ко Дню города
Sonraki
Алматинские спортсмены завоевали первые медали на Азиатских играх

Son Haberler:

Arama