Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды alnews.

Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.

предыдущий
В Алматы запустили новую остановку на площади Республики
Далее
Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Монголии

Последние новости:

Поиск