Алматылық Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Алматылық балуан Нұрқожа Қайпанов 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өткен күрестен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды alnews.

Байрақты додаға әлемнің 135 елінен 900-ге жуық спортшы қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол төрт белдесуде жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасынан осы чемпионаттың финалына шыққан жалғыз спортшы атанды.

Алғашқы белдесуінде алматылық балуан Косово өкілі Эгзон Джониді 10:0 есебімен жеңсе, келесі кездесуде әзірбайжандық Туран Байрамовтан 4:0 есебімен басым түсті. Ширек финалда Тәжікстан өкілі Виктор Рассадинді 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Ал жартылай финалда жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен ұтты.

Финалдық белдесуде Нұрқожа ресейлік Иналбек Шериевке есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Бұл Нұрқожа Қайпановтың ересектер арасындағы әлем чемпионаттарында жеңіп алған төртінші жүлдесі. Ол 2019 жылы күміс, 2024 жылы алтын, ал 2025 жылы қола медаль еншілеген. Сонымен қатар алматылық спортшы Азияның үш дүркін чемпионы атанған.

предыдущий
В Алматы состоялся футбольный турнир «Jas CUP» среди молодежи Алмалинского района
Далее
Алматинец Нуркожа Кайпанов завоевал серебро чемпионата мира по борьбе

Последние новости:

Поиск