Алматылық бес ауыр атлет Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралды

Астанада өткен ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында Алматы құрамасының бес спортшысы жүлделі орынға ие болды, - деп хабарлайды alnews.

Аянат Жұмағали, Сәния Орманбаева және Петр Хребтов қоссайыс қорытындысы бойынша ел чемпионы атанды. Әлібек Рахымберді қоссайыста қола, ал Еділ Асқаров жұлқа көтеруде күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстанның жеке және командалық чемпионаты 14-23 қараша аралығында «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде өтті. Жарысқа 16 командадан 165 спортшы қатысты.

Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш алтын медаль иеленді. Ол жұлқа көтеруде 98 келіні, серпе көтеруде 120 келіні бағындырып, қоссайыс нәтижесінде 218 келімен үздік атанды.

Сәния Орманбаева 86 келіге дейінгі салмақта қоссайыстың қорытындысы бойынша 234 келі нәтижемен Қазақстан чемпионы болды. Спортшы жұлқа көтеруде 104 келімен күміс, серпе көтеруде 130 келімен алтын медаль жеңіп алды.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Петр Хребтов жұлқа көтеруде 143 келімен алтын, серпе көтеруде 180 келімен күміс медаль жеңіп алды. Қоссайыста 323 келі нәтиже көрсетіп, ең жақын қарсыласынан бес келіге басым түсті.

Әлібек Рахымберді 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруде 158 келіні, серпе көтеруде 186 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 344 келі нәтиже көрсетті. 

Еділ Асқаров жұлқа көтеруде 157 келіні бағындырып, күміс медаль иеленді. Серпе көтеруде 196 келіні көтерген спортшы қоссайыс қорытындысында 353 келі нәтижемен төртінші орынға тұрақтады.

предыдущий
В Алматы пройдет международный форум по архитектуре и градостроительству SHARE Kazakhstan 2026
Далее
Пять алматинских тяжелоатлетов завоевали медали чемпионата Казахстана

Последние новости:

Поиск