Алматыдағы «Алатау» театрының аккордеоншысы Жандос Сауыт Coupe Mondiale әлем кубогын жеңіп алды

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының аккордеоншысы Жандос Сауыт 79-шы халықаралық Coupe Mondiale байқауында әлем кубогының иегері атанды, - деп хабарлайды alnews.

Байқау 23-27 тамыз аралығында Астанада өтті.

Coupe Mondiale байқауын Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясы – Confédération Internationale des Accordéonistes (CIA) ұйымдастырады. Байқау әлемнің әр елінен кәсіби орындаушылар мен жас музыканттардың басын қосады.

Қатысушылар Coupe Mondiale, Masters Coupe Mondiale, Junior Coupe Mondiale, Virtuoso Entertainment Music және ансамбльдік орындаушылық сынды бірнеше аталым бойынша сынға түседі.

Жандос Сауыт Қазақстан атынан өнер көрсетіп, байқау қорытындысы бойынша бас жүлде – әлем кубогын жеңіп алды.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл жетістік отандық орындаушылық өнер үшін маңызды оқиға. Сондай-ақ, өнерпаздың жеңісі Қазақстандағы баян және аккордеон орындаушылық мектебінің жоғары кәсіби деңгейін көрсетеді.

предыдущий
В Алматы пройдет ярмарка сельхозпродукции фермеров Туркестанской области и города
Далее
Аккордеонист театра «Алатау» из Алматы Жандос Сауыт завоевал Кубок мира Coupe Mondiale

Последние новости:

Поиск