Алматыда заңсыз дәмхана бұзылды

Алматының Қалалық жоспарлау және құрылыс бақылау басқармасы Поддубный көшесі, 119-үй мекенжайында орналасқан заңсыз нысанның бұзылғанын хабарлайды.

Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсатсыз өз бетінше қосымша құрылыс салып, оны жазғы дәмхана ретінде пайдаланғаны анықталған.

Кейін меншік иесіне анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін құрылысты бұзу жөнінде нұсқама берілді.

Бүгінде меншік иесі нұсқама талаптарын орындау мақсатында нысанды ерікті түрде бұзды.

предыдущий
Бас прокуратура әлеуметтік желіде араздық қоздырғаны үшін қатаң жауапкершілік туралы ескертті
Далее
В Алматы снесено незаконное кафе

Последние новости:

Поиск