Алматыда Қазтай Ұлтарақовқа арналған мемориалдық тақта орнатылды

Алматының Медеу ауданында мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Қазтай Нұрманбетұлы Ұлтарақовтың құрметіне мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды alnews.

Естелік тақта Қазтай Ұлтарақов тұрған Төлебаев көшесі, 142-үйдің қасбетіне орнатылды.

Қазтай Ұлтарақов 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған. Калинин майданында әскери қызмет атқарып, алдымен бөлімше, кейін взвод және жеке шаңғышылар батальонының командирі болды. 1943 жылы ауыр жараланып, әскери ерлігі үшін Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды.

Бейбіт жылдары Қазтай Ұлтарақов басшылық қызметтер атқарып, экономика ғылымдарының кандидаты атанды. Ол көптеген ғылыми еңбек пен кітаптың авторы болды. Елге сіңірген еңбегі мен мемлекетке адал қызметі үшін Ленин орденімен, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен және бірқатар медальмен марапатталған.

Салтанатты рәсім барысында қатысушылар Қазтай Ұлтарақовтың рухына тағзым етіп, оның елдің дамуына қосқан үлесін еске алды.

Мемориалдық тақтаның орнатылуы – көрнекті тұлғаның есімін ұлықтап, оның өнегелі өмір жолы мен қала тарихындағы орнын кейінгі ұрпақ жадында сақтауға бағытталған.

предыдущий
В Алматы проведут осеннюю дератизацию на площади более 47 тыс. гектаров
Далее
В Алматы установили мемориальную доску Казтаю Ултаракову

Последние новости:

Поиск