6 қыркүйекте Алматыдағы «Астана» алаңында Қала күніне арналған GT SPORT FEST спорт фестивалі өтеді, - деп хабарлайды alnews.
Фестиваль спорт пен жастарға арналған бірнеше бағытты біріктіреді. Бағдарламада 3×3 стритбол, киберспорт, BMX, брейкинг және стрит-дэнс бойынша би батлдары, воркаут, сондай-ақ «Формула-1» және картинг симуляторлары бар симрейсинг аймағы қарастырылған.
Спорттық бағдарлама сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ қонақтар үшін көрсетілімдер, ойын-сауық және концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Кештің хедлайнері – MC DONI.
Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
БАҚ өкілдерін іс-шараның барысын жариялауға шақырамыз.
Күні: 2026 жылғы 6 қыркүйек
Уақыты: 12:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, «Астана» алаңы
Аккредиттеу үшін телефон:
+7 778 999 90 49, Тұрсын