Алматыда Өңірлік травматология және ортопедия орталығы ашылды

№4 Қалалық клиникалық аурухана базасында ауыр жарақат алған және тірек-қимыл аппараты аурулары бар пациенттерге көмек көрсетуге арналған мамандандырылған орталық құрылды, - деп хабарлайды alnews.

Орталық шұғыл диагностикадан және жоғары технологиялық отадан бастап, қалпына келтіру мен медициналық оңалтуға дейінгі көмектің толық циклін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Емдеу ТМККК және МӘМС аясында жүргізіледі.

Мұнда ауыр жарақаттар мен сынықтар кезінде күрделі әрі жоғары технологиялық ота жасалып, эндопротездеу, реконструктивті және аз инвазивті араласулар жүргізіледі. Сондай-ақ зақымданған сүйектер мен буындарды қалпына келтіру жұмыстары атқарылады.

 

«Өңірлік травматология және ортопедия орталығының құрылуы жарақаттар мен тірек-қимыл аппараты ауруларын диагностикалау және емдеудің заманауи тәсілдерін біріктіруге, мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға және медициналық қызметтің барлық деңгейінде емдеу сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді орталықтың ашылуына қатысқан Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов.

 

Орталық мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу алаңына айналады.

№4 Қалалық клиникалық аурухана жыл сайын 19 мыңнан астам пациент қабылдайды, мұнда шамамен 12 мың ота жасалады. 2025 жылы ірі буындарды эндопротездеу бойынша 2250 ота жасалған.

Орталықты құру аясында қабылдау бөлімінің тұжырымдамасы толығымен жаңартылып, Алматы қаласы мен Алматы облысының травматологиялық қызметтері арасындағы үйлестіру күшейтілді.

№4 Қалалық клиникалық аурухана аумағында қала стационарларының арасында жалғыз тікұшақ алаңы жұмыс істейді. Ол ауыр жарақат алған пациенттерді, соның ішінде ТЖМ құтқарушылары таулы және жетуі қиын аймақтардан эвакуациялаған адамдарды жедел жеткізуге мүмкіндік береді.

Орталық құру бастамасы бұған дейін жарақаттану, жедел медициналық көмек және медициналық авиация мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің оң бағасын алған.

Орталықтың ашылуы аясында серіктес банк №4 Қалалық клиникалық ауруханаға жаңа жедел жәрдем автокөлігін табыстады.

предыдущий
В Алматы приступили к принудительному сносу пристройки к кафе
Далее
В Алматы открылся Региональный центр травматологии и ортопедии

Последние новости:

Поиск