Алматыда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі кеңейтіледі

Алматыда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін кеңейту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды alnews.

Арнайы комиссия тарихи, сәулеттік және мәдени құндылығы бар тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды зерделеуге кірісті. Бірінші кезеңде зерттеу үшін 27 нысан іріктелді.

Олардың қатарында Satbayev University бас оқу ғимараты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректораты, Ұлттық банк ғимараты, Абылай хан даңғылындағы бұрынғы Үкімет үйі, Орталық мәдениет және демалыс саябағының аркасы, Орталық әмбебап дүкеннің ескі ғимараты, Чайковский атындағы Алматы колледжі, Геология ғылымдары институты, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы, Киров атындағы зауыттың тұрғын үйлері, Нұрғиса Тілендиев пен Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық музейлері, «Атакент» кіреберіс аркасы және Республика алаңы бар.

Комиссия осы ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін зерттеп, қай нысанды жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізуге ұсынуға болатынын анықтайды.

Бүгінде Алматыда 160 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекет қорғауына алынған. Оның 34-і республикалық, 126-сы жергілікті маңызға ие.

Ескерткіштердің басым бөлігі сәулет және қала құрылысы нысандарына жатады. Олардың саны – 91. Тағы 50 нысан монументалды өнерге, 12-сі археологияға қатысты. Бес нысан ансамбльдер мен кешендер қатарына кірсе, екеуі киелі орын саналады.

Ескерткіштердің дені Медеу және Алмалы аудандарында орналасқан. Атап айтқанда, Медеу ауданында 65, Алмалы ауданында 50 нысан бар. 

Тарихи ғимараттар мен құрылыстарды сақтау үшін олардың айналасында құрылыс жүргізуге шектеу қойылатын қорғау аймақтары белгіленеді. Бұл талаптар ескерткіштердің өзін ғана емес, айналасындағы тарихи құрылыс нысандарын да сақтауға мүмкіндік береді.

предыдущий
В Алматы более 1 500 школьников начали вторую четверть в обновлённых зданиях
Далее
В Алматы расширят список памятников истории и культуры местного значения

Последние новости:

Поиск