Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Алматының Арбат аумағында, Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысында 15 қыркүйек сағат 15:00-де Еңбек күні мен Алматы қаласының күніне орай жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды alnews.

Іс-шараны Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы Алматы қаласы әкімдігі мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен ұйымдастырады.

Жәрмеңкеге 100 жұмыс беруші қатысып, 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады. Бұл ретте 2 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар.

Іс-шара барысында жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, бос жұмыс орындары, еңбек жағдайы, жалақы деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары мен кәсіптік оқыту бағдарламалары бойынша кеңес беріледі.

Күні: 15 қыркүйек 2026 жыл
Қатысушыларды тіркеу: 13:00
Басталуы: 14:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Арбат аумағы, Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы.

БАҚ өкілдерін аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
БАҚ өкілдері үшін байланыс: Жансая: +7 747 820 2803

предыдущий
«Читающая нация»: ко Дню города в Алматы открылся второй пункт книговыдачи в ТЦ
Далее
В Алматы пройдёт общегородская ярмарка вакансий

Последние новости:

Поиск