Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтті

Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтті, - деп хабарлайды alnews.

Жарысқа есту және көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты зақымданған шахматшылар қатысты. Бұл туралы Алматының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлады.

Сайыс швейцариялық жүйе бойынша жеті турдан тұрды. Ойын нәтижелері ФИДЕ рейтингін есептеу кезінде ескерілді. Жалпы жүлде қоры 1 млн теңге. 

Жарысқа тәжірибесі мен дайындық деңгейі әртүрлі шахматшылар қатысып, өзара бақ сынады. Турнир қатысушыларға шеберлігін көрсетуге, тәжірибе жинауға және бәсекелі ортада ойнауға мүмкіндік берді.

Infinity Chess Cup Almaty 2026 турнирі Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қазақстан шахмат федерациясы және Funduk Life қорының қатысуымен ұйымдастырылды.

Турнир инклюзивті спортты дамыту және ерекше қажеттілігі бар адамдардың қаланың спорттық өміріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жұмыстар аясында өтті.

предыдущий
Аким Алматы поручил принять меры в отношении подрядчиков по проектам благоустройства
Далее
В Алматы прошел инклюзивный шахматный турнир Infinity Chess Cup Almaty 2026

Последние новости:

Поиск