Алматыда Esentai Mall маңындағы әл-Фараби даңғылында қозғалыс сызбасы өзгереді

Әл-Фараби даңғылының Esentai Mall сауда ойын-сауық орталығы маңындағы бөлігінде жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасы өзгерді, - деп хабарлайды alnews.

Бұл шара көлік қозғалысын реттеп, жол қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің жолақтарды ретсіз ауыстыруына жол бермеу мақсатында қолға алынды. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, бұған дейін сауда орталығынан шыққан жүргізушілер бірден көршілес жолақтарға ауыса алатын. Соның салдарынан бірнеше көлік қатар маневр жасап, сол жақ шеткі жолаққа ұмтылатын. Бұл жолдағы қозғалыстың баяулауына және көліктердің біркелкі жүрмеуіне себеп болған.

Енді солтүстік бағытта Үшкемпіров көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аралықта қозғалыс сызбасы реттелді. Сауда орталығынан шыққан көліктердің бірден жолақ ауыстыруына шектеу қойылып, бұл бөлікте тұтас жолақ сызықтары сызылды.

Жаңа тәртіп бірнеше көліктің бір уақытта маневр жасауын азайтып, көлік санын жолақтарға біркелкі бөлуге және осы учаскедегі қозғалысты жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жүргізушілерден қозғалыс сызбасындағы өзгерістерді ескеріп, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын сақтауды және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін басшылыққа алуды сұраймыз.

предыдущий
Бегуны из более чем 60 стран приедут в Алматы на международный марафон
Далее
В Алматы на пр. аль-Фараби изменяется схема движения в районе Esentai Mall

Последние новости:

Поиск