Алматыда британдық бизнес және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту жайы талқыланды

Алматы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Ұлыбритания Қауымдар палатасы Қорғаныс комитетінің төрағасы Тан Дэси бастаған Ұлыбритания Парламенті делегациясымен кездесті, - деп хабарлайды alnews.

Кездесуге Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Салли Аксуорси де қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі британдық бизнесті қалалық жобаларға тарту болды. Бүгінде Алматыда британдық капиталы бар 256 кәсіпорын тіркелген. Олар кәсіби және ғылыми-техникалық қызмет, сауда, қаржы және басқа да салаларда жұмыс істейді.

 

«Алматы полиорталықтық даму моделі аясында жаңа өсу нүктелерін қалыптастырып келеді. Біз британдық бизнеспен қалалық инфрақұрылым, көлік, девелопмент, қонақ үй бизнесі, жасыл экономика және заманауи технология салаларында ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік бар деп санаймыз», – деді Абзал Нүкенов.

 

Тараптар туристік байланысты дамыту мәселесін де талқылады. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға Ұлыбританиядан 7 мыңнан астам турист келді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,5%-ға көп. Мүмкіндігі жоғары бағыттардың қатарында тау туризмі, тиісті инфрақұрылымды дамыту және тәжірибе алмасу бар.

Келіссөздердің жеке бөлігі білім беру және инновация саласына арналды. Алматыда бүгінде Coventry University кампусы жұмыс істейді. Онда инженерлік және компьютерлік ғылымдар, жасанды интеллект және сәулет бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары ұсынылған.

Queen’s University Belfast, SOAS University of London, University of London, De Montfort University және басқа да британдық жоғары оқу орындарымен бірлескен академиялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Кездесу соңында тараптар Алматы мен Ұлыбританияның іскерлік және академиялық ортасы арасындағы тікелей байланысты жалғастыруға уағдаласты.

предыдущий
Алматыда Жастар кеңесінің жаңа құрамына өтінім қабылдау басталды: өтінімді қалай беруге болады?
Далее
В Алматы обсудили расширение сотрудничества с британским бизнесом и вузами

Последние новости:

Поиск