Алматы мен Пусан арасында туристік байланыс нығайып келеді

Алматыда екі қаланың туризм саласы мен бизнес өкілдерін біріктірген «Пусан күні» өтті, - деп хабарлайды alnews.

Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар Пусанның туристік әлеуетімен, мәдениетімен, сондай-ақ туризм, косметика және кәдесый өнімдері саласында жұмыс істейтін корей компанияларымен танысты.

«Пусан күнін» өткізу Алматы мен Пусан арасындағы тікелей байланысты одан әрі дамытуға мүмкіндік берді. 2026 жылы 1 мамырдан бастап Eastar Jet әуе компаниясы Алматы – Пусан бағыты бойынша аптасына екі рет тікелей рейс орындайды. Ұшу уақыты шамамен алты сағат. Бұл екі қала арасындағы сапарды жеңілдетіп, туризм саласындағы байланысты арттыруға ықпал етеді.

Алматыға Оңтүстік Кореядан келетін туристер саны да артып келеді. 2025 жылы қалаға Корея Республикасынан 23,2 мың турист келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп. Оңтүстік Корея нарығы Алматы үшін Азиядағы болашағы зор туристік бағыттардың бірі болып қала береді. Маусым айында қаланың Туризм басқармасы өкілдері Seoul International Travel Fair (SITF) халықаралық көрмесіне қатысты. Ал қарашада Алматы мүмкіндіктерін Сеулде өтетін KOREA MICE EXPO көрмесінде таныстырады.

«Пусан күні» екі қаланың туристік және іскерлік әлеуетін таныстыруға, жаңа серіктестік орнатуға жол ашты. Тікелей әуе қатынасының іске қосылуы мен туристік жобалардың көбеюі туристер легін арттыруға септігін тигізеді.

предыдущий
Место, куда хочется возвращаться: чем живет Community-центр Медеуского района
Далее
Алматы и Пусан укрепляют туристические связи

Последние новости:

Поиск