2026 жылдың тоғыз айында Алматыда өнеркәсіп өндірісі 22,2%-ға өсті

Алматыда 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1,97 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, - деп хабарлайды alnews.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,2%-ға артық. Өсімге негізінен машина жасау, тамақ және фармацевтика салаларының дамуы ықпал етті. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері айтты.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,67 трлн теңгеге жетіп, жалпы өнеркәсіп өндірісінің 84,8% болды. Осы саланың өсу қарқыны бойынша Алматы Қазақстан өңірлері арасында көш бастап тұр.

Ең жоғары өсім машина жасау саласында байқалды. Мұнда өндіріс көлемі 66,3%-ға артты. Өндірілген өнімнің едәуір бөлігін автокөлік өнімдеріне тиесілі.

Тамақ өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,4%-ға өсіп, 261 млрд теңгеге жетті. Фармацевтика саласында 20,4% өсім тіркеліп, өнім көлемі 21,8 млрд теңгеге жетті.

Өнеркәсіптің дамуына Алматының Индустриялық аймағында жаңа өндіріс орындарының ашылуы да серпін беріп отыр. Жыл басынан бері мұнда жалпы құны 5,8 млрд теңге болатын бес жоба іске қосылып, 345 жаңа жұмыс орны құрылды. 

Олардың қатарында ALC панельдері мен газоблоктар өндіретін зауыт, Euro Truck Service логистикалық орталығы, жылу және сумен жабдықтау жабдықтарын шығаратын кеңейтілген өндіріс кешені, сондай-ақ екі шағын өнеркәсіптік парк бар.

2026 жылдың соңына дейін жалпы құны 6,7 млрд теңге болатын тағы алты жобаны іске қосып, 346 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Индустриялық аймақта жалпы құны 1 трлн теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырып жатқан 163 компания жұмыс істейді. Аталған жобалар аясында 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген.

предыдущий
В Алматы стартовала акция «Зеленый двор»: жители могут бесплатно получить до 10 саженцев деревьев
Далее
Промышленное производство Алматы выросло на 22,2% за девять месяцев 2026 года

Последние новости:

Поиск