Euronews Алматыны әлемдік аудиторияға таныстырды

Euronews халықаралық басылымы Алматыны қаланың басты символдарының бірі – алманың тарихы арқылы жаһандық аудиторияға таныстырды. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Euronews – Еуропадағы ең ірі халықаралық жаңалықтар брендтерінің бірі. Медиажелінің контенті 160 елде қолжетімді, ал теледидар, цифрлық платформалар мен интернетке қосылған құрылғылардағы ай сайынғы аудиториясы 400 млн-нан асады. 2025 жылдың өзінде Euronews контенті 1,83 млрд бейнеқаралым және шамамен 1,4 млрд бет қаралымын жинаған.

Жарияланымда Алматы тарихы, табиғи мұрасы, гастрономиясы мен заманауи мәдениеті тоғысқан туристік бағыт ретінде сипатталған. 

Материалда қала маңындағы алма бақтары, Алматы апорты және жыл сайын өтетін Alma Fest фестивалі туралы айтылады. Биыл фестиваль аясында 200 тоннадан астам алма ұсынылған.

Аудиториясы кең халықаралық алаңдағы жарияланым Алматыны шетелде ілгерілетуге және қаланың туристік бағыт ретіндегі танымалдығын арттыруға ықпал етеді.

Шетелдік туристер үшін Алматы алмасының тарихы қаламен, оның мәдениетімен және табиғи мұрасымен танысуға тағы бір себеп болмақ.

Дереккөз: https://www.euronews.com/2026/10/05/is-kazakhstan-the-birthplace-of-apples-heres-how-the-fruit-spread-across-the-world

Алдыңғы
В Алматы ко Дню учителя наградили лучших педагогов города
Келесі
Euronews представил Алматы мировой аудитории

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу