Алматының Түрксіб ауданындағы Палладин көшесінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қоғамдық кеңістік көркейтілді, - деп хабарлайды alnews.
Бұл туралы Түрксіб ауданының әкімдігінің өкілдері айтты.
Аумақта балаларға арналған ойын кешендері мен воркаут алаңы орнатылып, қауіпсіз жабын төселді. Тұрғындардың демалуына арналған пергола мен орындықтар қойылды.
Сондай-ақ жүргінші жолдары салынып, жарықтандыру жүйесі орнатылды, көгалдандыру және автоматты суару жүйесін жүргізу жұмыстары атқарылды.
Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, бүгінде бұл демалыс аймағы тұрғындардың жиі бас қосатын орнына айналған.
Биыл Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 24 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында сквер, жүргінші аймағы, демалыс алаңы және автоматты суару жүйесін орнату жобасы бар.