Алматыдағы Арбатта 19-20 қыркүйекте Қала күніне орай «Кітап Fest» кітап жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды alnews.
Іс-шараны Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырады.
Жәрмеңкеге 60-тан астам баспа қатысады. Келушілер жаңа кітаптармен танысып, өзіне ұнаған әдебиеттерді сатып ала алады. Сондай-ақ, ақын-жазушылармен кездесуге болады.
Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, қала тұрғындарына заманауи әдебиет пен отандық баспа жобаларын кеңінен таныстыру.
Жәрмеңке сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Қатысу тегін.