Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Алматының экологиялық жағдайын талқылаған дөңгелек үстел өтті

Алматының экологиялық жағдайын талқылаған дөңгелек үстел өтті ҚазҰУ ФЖПФ

Экологиялық таза қала әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігімен жүзеге асады. Кеше, 3 желтоқсанда қаламыздың экологиялық жағдайын тақырып еткен дөңгелек үстелде осындай тұжырым жасалды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінде өткен шараға саладағы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, докторанттар мен студенттер қатысқан болатын.

«Алматы қаласының экологиялы жағдайы» атта дөңгелек үстелді аталған факультеттің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шараның тізгінін ұстаған М.Амирканов дөңгелек үстелдің мақсатымен таныстыра отырып, барлық қатысушыларды қала экологиянсына көңіл бұруға шақырды. Талқы барысында сөз алған кафедра меңгерушісі  Нұрсұлу Алгожаева қаламыздың экологиялық басты проблмалары жөнінде айтып өтті. Сонымен бірге қала тұрғындарын және барлық жастарды саналы түрде қоршаған орта мәселесіне назар аударып, оны қорғауға деген жауапкершілігін жоғарлату аса маңызды екенін баса айтып кеті. Әрі бұл аталған іс-шараның да басты мақсатының бірі екенін белгіледі.

Сонымен қатар оқытушылар құрамынан А.Қ.Дүйсенбаев, Э.Т.Баярыстанова, сондай-ақ Қонаев университетінің профессоры М.А.Садықов қатарлы қатысушылар мен қонақтар кезегімен сөз алды. Сондай-ақ, талқыға қатысқан студенттер де тақырыпқа сай өз ойларын ортаға салды.

Шараның басты мәні студенттердің де қала экологиясына қатысты өздерінің жаңа ойларын ортаға салуы болды. Айталық, 4-курс студенттерінен Салыбай Балжан «Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға экологиялық тәрбиені қалыптастыру» атты жұмысында мұндай тәрбиені орта білім беруден бастау керектігін алға тартса, Жұмабаева Алуаның «Климаттың өзгеруі және Алматы қаласының экологиялық  болашағы» деген проблемалық зерттеуі студенттерге үлкен ой салды. Ал Ибатолла Нұр «Аспан астындағы қала: Алматыны смогтан қалай құтқарамыз?» деген баяндамасын таныстырып, өзекті проблеманың маңызын ашып көрсетті.

Дөңгелек үстел барысында профессор Мұрат Садықов Алматы шаһарының экологиялық туризмнің жастар үшін мүмкіндіктері мен пайдасына жан-жақты тоқталды. Дөңгелек үстелге қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, дөңгелек үстел тартымды өтті. Дөңгелек үстел жұмысын педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы меңгерушісінің ғылым және инновациялар жөніндегі орынбасары А.Қ.Дүйсенбаев қорытындылап жастарға экологияны бірге қорғау керектігін баса айтып, іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
3
Ұнамайды
1
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!